Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1685 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1685 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі және «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі» отырыстарын өткізу тәртібі» деген 6.8-бөлім жаңа редакцияда жазылсын:

«6-8. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі

115-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) отырысына Директорлар кеңесінің мүшелері, Кеңсе Басшысы, Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, сондай-ақ Кеңсе Басшысының келісімі бойынша шақырылған өзге де тұлғалар шақырылады.

115-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) Директорлар кеңесінің отырысына мыналарды:

1) баяндамашыларды көрсетіп, отырыстың күн тәртібін;

2) Директорлар кеңесі мүшелерінің атына түсіндірме жазбаны;

3) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын;

4) Директорлар кеңесі шешімдерінің жобаларын;

5) қоғамның атқарушы органының белгіленген тәртіппен ресімделген шешімдерінің үзінділерін;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку