«Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 Бұйрығына 9-қосымша) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 2 қазандағы
№ 1-3/490 бұйрығына
9-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 337 бұйрығымен күші жойылды
«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік іс жүргізу туралы» Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сай әзірленген.
2. «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - жеке және заңды тұлғаларға «КазАгрЭкс» акционерлік қоғамымен мақта шикізатының сапасы туралы куәлік беру және мақта шикізатының сапасына сараптама жасау қызметі.
3. Мемлекеттік қызмет «КазАгрЭкс» акционерлік қоғамымен ұсынылады, мына мекен-жайы бойынша: Астана қаласы, Республика 64/3 даңғылы және оның филиалдарымен (бұдан әрі - сараптамалық ұйымы).
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет мынадай:
1) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 10-бабы;
2) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі шитті-мақта сапасы туралы қағаз тасығыштағы куәлік (бұдан әрі - куәлік) болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
Документ утратил силу
Демо – версия документа