Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1478 Қаулысы (күші жойылды)

«Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1478 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 846 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес әзірленді және салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау тәртібін айқындайды.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

«4-1. Салалық бағдарламаларды іске асыру

21-1. Салалық бағдарламаның берілген мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттеріне, нәтижелер (аралық және түпкі) көрсеткіштеріне қол жеткізу үдерісі іске асыру болып табылады.

21-2. Салалық бағдарламаны іске асыру кезінде:

1) ведомствоаралық өзара іс-қимылдағы келісімділік;

2) берілген нәтижелерге ресурстардың барынша аз шығындарымен қол жеткізу бағдарын ұстану;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку