«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 1406 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 1406 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 626 Қаулысымен күші жойылды
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік өлшемдері мен басқа да сызықтық мөлшерлері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:
1) рұқсат етілген ұзындығы:
жүк автомобилі 12
тіркеме 12
екі білікті автобустар 13,5
екі біліктен артық біліктері бар автобустар 15
Документ утратил силу
Демо – версия документа