«Монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген) (2013.10.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1130 қаулысымен
бекітілген
«Монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызметінің стандарты
(2013.10.07. берілген өзгерістермен)
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіру, тел.: 8 (7172) 29-90-93, 24-14-07, факс: 24-47-94, сондай-ақ «электрондық үкіметтің». www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Документ утратил силу
Демо – версия документа