«Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1275 Қаулысы (күші жойылды)
«Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1275 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 584-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасында:
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.»;
екінші бөліктің 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа