«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1200 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1200 Қаулысы
Кеден кадрларының біліктілігін даярлау жүйесін жетілдіру және бірыңғай білім беру іс-шараларын енгізу үшін жағдай жасау мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Атырау қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы қайта құру.
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне атын өзгерту.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Демо – версия документа