«Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 355 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат; 2006 ж, № 23, 229-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 3-4, 7-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 37, 309-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 48, 646-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұлттық мүдделерді қорғаудың негізгі бағыттарын айқындау, ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қатерлерді анықтау, талдау, бағалау және болжамдау, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін таңдау;
2) елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;»;
1), 1-1), 2), 3-1) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қатысты әлемдегі және өңірлердегі ахуалдың дамуына кешенді талдауды жүзеге асыру, ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қатерлердің туындайтын көздерін айқындау және болжамдау, олардың алдын алу және бейтараптандыру жөнінде шаралар қолдану;
1-1) елдің дамуындағы аса маңызды бағыттар бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мазмұнын қарау және бағалау;»;
«2) қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарау;»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа