(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2003 Ж. 8 АҚПАНДАҒЫ № 386-II ҚР ЗАҢЫ
Почта туралы
2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2012.15.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң почта қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, почта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, почта байланысы саласындағы мемлекеттік органдардың құзыретiн белгілейдi.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонементтік жәшiк - почта жөнелтiмдерiнiң жекелеген түрлерiн алу үшiн, почта операторының өндiрiстiк объектiлерiнде орнатылатын, адресаттар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдаланатын құлыпталмалы арнайы жәшiк;
2) абоненттiк почта жәшiгi - адресаттардың почта жөнелтiмдерiн алуы үшiн тұрғын үйлерде, сондай-ақ ауылдық жерлердегi жеткізу учаскесінде орнатылатын, жәшiктерi бар құлыпталмалы арнайы шкаф;
3) адресат - өзiне почта жөнелтiмi немесе почталық ақша аударымы арналған, почта операторының қызмет көрсетуiн пайдаланушы;
4) почта жөнелтiмiн табыс ету - почта жөнелтiмiн адресаттың жеке өзiне немесе оның заңды өкiлiне, немесе сенімхат негiзiнде iс-қимыл жасаушы сенім көрсетiлген адамына беру;
5) почта төлемiнiң мемлекеттік белгілерi - айналымға уәкілеттi орган енгiзетiн, почта операторының қызмет көрсетуiне ақы төленгенiн растайтын почта маркалары, блоктар, маркалы конверттер, почта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерi және өзге де белгiлер;
6) почта жөнелтiмiн жеткізу - почта жөнелтiмiн баратын жеріндегі өндiрiс объектiлерiнен абонементтiк жәшiкке немесе абоненттiк почта жәшiгіне, немесе жөнелтушi көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару;
7) атаулы зат - құжаттар мен почта жөнелтiмдерiне почта операторының, оның өндiрiстiк объектiсiнiң атауларын, сондай-ақ почта операторы белгiлеген өзге де ақпаратты көрсете отырып, бедер түсiруге арналған аспап;
Редакция документа
Демо – версия документа