Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.19.03 № 270 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 19 наурыздағы

№ 270 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2012 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды.

2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

1) құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға, медициналық қызметті қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;

2) иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;

3) радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікті негіздеу үшін жобаларды, технологияларды, ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеу, радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікке сараптама, талдау және бақылау жүргізу;

4) аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау;

5) азық-түліктерде, материалдарда, қоршаған орта объектілерінде радионуклидтердің бар-жоғын айқындау, радонның және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу;

6) аумақтарды гаммалық суретке түсіру және басқа да радиометрикалық зерттеулер;

7) персоналды, халықты дозиметрлік жеке-жеке бақылау;

8) аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту және өңдеп қалпына келтіру.

3. Лицензиялау субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар жатады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку