«Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 245 Қаулысы (күші жойылды)
«Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 245 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5876 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 8 желтоқсан № 187 (1783) «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 8 желтоқсан № 187 (1610) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы және көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасын бекіту туралы»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа