«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 126 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 126 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ережелер»;
1, 1-1, 1-2, 1-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімі - бағалы қағаздар ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күнге осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
2) бағалы қағаздар ұстаушының жеке шоты - бағалы қағаздардың меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын, тізілімдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған, мәмілелерді тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
Документ утратил силу
Демо – версия документа