«Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 597 Қаулысы (күші жойылды)
«Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 597 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 403 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 333-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесінде:
7-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«7. Тиімділікке бағалау жүргізу кестесі:
1) бағаланатын атқарушы органдардың тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті атқарушы органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпаратты;
2) бағалауға уәкілетті атқарушы органдардың бағаланатын атқарушы органдарға танысу үшін және келіспеушіліктер болған жағдайда шағымдану үшін бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;
3) бағалауға уәкілетті атқарушы органдардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға шағымдану рәсімінен кейінгі бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;
Документ утратил силу
Демо – версия документа