Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

-

Осы редакция 2012 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2011.27.08. № 972 Қаулысымен қағидамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы

№ 836 қаулысымен бекітілген

 

Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасы
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағида жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағида).

2. Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектер және осы жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәлімет «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

 

 

2. Жастар практикасын ұйымдастыру

 

3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.

4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар:

1) арнайы түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына арналған;

2) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі;

3) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;

4) жолданатын түлектер уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуге және олардың жасы 29-дан аспауға тиіс;

5) жолдама беру сәтінде жолданатын азаматтар үшін уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.

5. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку