«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 181 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 181 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Министрліктің негізгі міндеттері:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
2) жұмыспен қамту;
3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;
5) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
6) мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
10. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Документ утратил силу
Демо – версия документа