Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1692 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1692 қаулысымен
бекітілген
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау
қағидалары
1. Осы Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 75-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасында тіркеуге жататын медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалауды медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу кезінде дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) бекітеді.
3. Тұтынушыға арналған ақпарат (медициналық техниканы пайдалану құжаты, медициналық мақсаттағы бұйымдарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық) және өнімнің (тауардың) құрамына, қасиеттеріне, шығу тегіне, өндіру (дайындау) және қолдану тәсілдеріне, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника сапасының қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын басқа да мәліметтерге қатысты оларды шатыстырмайтын, түсінікті, толық және дәйекті болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағында медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы жөніндегі талаптарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйым туралы ақпарат медициналық мақсаттағы бұйымдарды қолдану жөніндегі медициналық нұсқаулықта және медициналық техниканы пайдалану құжатында көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа