«Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2000 жылғы 11 қазандағы № 18/2 Қаулысы (2017.17.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2000 жылғы 11 қазандағы № 18/2 Қаулысы
(2017.17.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 Қаулысын қараңыз
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төрағаның міндетін атқарушы Н.І.Өкеев, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, мына өкілдердің:
өтініш субъектісінен - Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі А.Н.Котловтың,
Қазақстан Республикасының Парламентінен - депутаттар Е.Ж.Жұмабаев пен Ж.Қалиұлының,
Республиканың Әділет министрлігінен - халықаралық құқық және хаттама департаментінің директоры В.А.Калюжныйдың,
Республиканың Сыртқы істер министрлігінен - шарт жасасу-құқықтық департаментінің халықаралық-құқықтық мәселелер бөлімінің бастығы А.Б.Қарашевтің, осы бөлімнің үшінші хатшысы А.К. Кинжебаеваның қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру жөніндегі өтінішін қарады.
Ұсынылған материалдарды зерделеп, баяндамашы Ж.Д.Бұсырмановты, өтініш субъектісінің өкілін және өзге де отырыс қатысушыларын тыңдап, сондай-ақ халықаралық құқық саласының тәуелсіз маманы, заң ғылымының кандидаты Ж.О.Құлжабаеваның қорытындысымен танысып шығып, Қазақстан Республикасының Конституцияның Кеңесі мынаны
анықтады:
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2000 жылғы 11 қыркүйекте Республика Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру жөніндегі өтініші келіп түсті.
Демо – версия документа