«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 213 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы;»;
мынадай мазмұндағы 3.2-1.-бөліммен толықтырылсын:
«3.2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы
15-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленеді және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы негізгі проблемалар мен қауіп-қатерлерді, стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларды, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету критерийлерін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа