(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИН. БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2007 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң
Білім және ғылым саласындағы қадағалау және
аттестаттау комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
(2006.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң (бұдан әрi - Министрлiк) құзыретi шегiнде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған саладағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің негiзгі мiндеттерi білім беру, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi, Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитетке заңнамаға сәйкес өкiлеттілік берiлген болса онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
Редакция документа
Демо – версия документа