«Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 743 Қаулысы
«Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 743 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасында:
реттік нөмірі 6-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6-2. | Ферроқорытпалар өндірісін және оның шикізаттық базасын, қуаттылығын жылына 300 мың тонна ферроқорытпаға жеткізе отырып, әртараптандыру және кеңейту | ИЖТМ | Жамбыл облысы | «Тараз металлургия зауыты» ЖШС | 2011 - 2014 жылдар |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-6-жолмен толықтырылсын:
«
6-6. | Бақыршық кенорнында металлургиялық кешен салу және өнімділігі жылына 1,5 млн. тонна кен болатын жерасты кенішін игеру | ИЖТМ | ШҚО | «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС | 2011 - 2013 жылдар |
»;
6-бағанда:
реттік нөмірі 7-жолдағы «2015» деген сандар «2016» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 14-жолдағы «2015» деген сандар «2017» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 15-жолдағы «2012» деген сандар «2013» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
17. | «Химфарм» АҚ-ның өндірісін кеңейту | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Өңіраралық жоба | «Химфарм» АҚ | 2009 - 2013 жылдар |
»;
реттік нөмірі 18-жолдың 6-бағанындағы «2011» деген сандар «2012» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 25-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Жетіген - Қорғас» темір жол желілерін салу (1-ші іске қосу кешені - 2011 жыл; 2-ші іске қосу кешені - 2012 жыл)»;
реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
26. | «Өзен - Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желісін салу (1-ші іске қосу кешені - 2011 жыл; 2-ші іске қосу кешені - 2012 жыл) | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Маңғыстау облысы | «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ | 2009 - 2012 жылдар |
»;
6-бағанда:
реттік нөмірі 28-жолдағы «2011» деген сандар «2012» деген сандармен ауыстырылсын;
Демо – версия документа