«Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 34 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 26 мамырдағы
№ 579 қаулысымен
бекітілген
«Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.
Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс.
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Казақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 1000, 1029-баптары, «Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 11-бабының 6-тармағы, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңының 21-бабының 1, 2, 3-тармақтары, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 8-бабы, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 18, 19, 20-баптары негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты Комитеттің: www.іntellkаz.kz Интернет-ресурсында орналасқан. Анықтама телефоны: (87172) 74-07-54.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны қағаз тасымалдағышта берілетін шарттың тіркелген күні мен ағымдағы нөмірі бар мөртабан басылған тіркелген шартты беру не бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет өнеркәсіптік меншік объектілерінің құқықтарына не жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — тұтынушылар) көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа