«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 1 наурыздағы № 109 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 1 наурыздағы № 109 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 Бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентіннің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамытудың «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мынадай кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) «Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 633 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5923 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының № 4 актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл).
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі:
мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:
«11. Республикалық бюджет қаражатының есебінен, оның ішінде мобилдік бригадалар, консультациялық - диагностикалық көмектің жоспарланған көлемдерін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі анықтайды.
12. Республикалық бюджет қаражатының есебінен көрсетілетін, консультациялық - диагностикалық көмектің жоспарланған көлемін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі анықтайды.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа