Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1998 Ж. 1 ШІЛДЕДЕГІ № 258-1 ЗАҢЫ

Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi № 258-1 Заңы
(2004.20.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндiрiстiк орталық ретіндегі ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оның ерекше мәртебесiн айқындайтын құқықтық негiздердi, қаржымен, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру шараларын белгiлеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепiлдiктерiн белгiлейдi.

ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)

1-бап. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi

1. Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады.

2. Алматы қаласының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады.

ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 1-1-баппен толықтырылды

1-1-бап. Алматы қаласының нышаны

1. Алматы қаласының өз елтаңбасы бар, ол қаланың Қазақстан Республикасының мәдени, саяси, экономикалық және ғылыми орталығы ретіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ оның географиялық орналасқан жері мен қоршаған ортасының ерекшеліктерін бейнелейтін нышаны болып табылады.

2. Алматы қаласы елтаңбасының сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін және оның бейнесiн Алматы қаласының өкілдi органы айқындайды.»;

ҚР 29.12.03 № 512-11; 05.07.04 № 570-11 (бұр.ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертілді

2-бап. Алматы қаласының аумағы

1. Алматы қаласының аумағын Қазақстан Республикасы Үкiметінің ұсынуы бойынша әрі жергіліктi өкілдi және атқарушы органдардың пiкiрлерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтiн және өзгертетiн Алматы қаласының әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктерiнің шекарасы шегiндегі жер құрайды.

2. Қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумағын құрайтын қала шегiнен тыс жер қала маңындағы аймақты құрайды, оның көлемi мен шекарасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку