Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 183 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
«Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы
№ 177 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 183 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Агенттік Басқармасының «Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспедегі «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының» деген сөздер алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

кіріспедегі «және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң)» деген сөздер алып тасталсын;

1-тармақта:

4) тармақшадағы «және Заңның 8-1-бабының 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында», «және Заңның 8-1-бабының 5-тармағында» деген сөздер мен цифрлар алып тасталсын;

9) тармақшадағы «және Заңның 8-1-бабының 5-тармағында» деген сөздер мен цифрлар алып тасталсын;

2-тармақтағы «және Заңның 8-1-бабының 8-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларында» деген сөздер мен цифрлар алып тасталсын;

3-тармақта:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку