Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 165-ө-м бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2010 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 394-ө бұйрығына
2-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес нысандағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның жұмыс істеу тәртібін, патологиясы бар мүгедек балаларға (бұдан әрі - балалар), тірек-қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар), психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі - 18 жастан асқан адамдар), бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі - мүгедектерге), қартаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі - қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, тоқтату (тоқта тұру) шарттарын айқындайды. Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызмет алушылар деп аталады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа