«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 8 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 8 Қаулысы
ҚР Yкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына төменгі бағытта голограммамен оны қайта пайдалануды болдырмау мақсатында тұтыну ыдысын ашқан кезде есепке алу-бақылау таңбасының тұтастығы бұзылатындай етіп желімделеді.
Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына тығыз желімделеді және сәйкестендіруді және штрих-кодтық ақпаратты оқитын құрылғымен оқуды қамтамасыз етеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін алкоголь өнімін немесе темекі бұйымдарын есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалау осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүзеге асырылады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа