Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ ТУРАЛЫ КЕЛІСІ...

Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы
келісімі
(Санкт-Петербург қ. 2009 жылғы 11 желтоқсанда)

 

Осы редакция 2010 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 304-IV Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,

кеден одағын қалыптастыру мақсатында,

2008 жылғы 25 қаңтардағы Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімді негізге ала отырып,

карантиндік фитосанитарлық талаптар мен шараларды қолдану саласында келісілген саясат жүргізудің орындылығын мойындай отырып,

Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның (Рим, 1951 жыл, 1997 жылғы редакцияда) (бұдан әрі - ӨКҚХК), Саудадағы техникалық тосқауылдар жөніндегі келісімнің және Санитарлық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісімнің (Марракеш қ., 1994 жылғы 15 сәуір, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде) ережелері мен принциптерін назарға ала отырып,

кеден одағының кедендік аумағын карантиндік объектілерді әкелу мен таратудан қорғауды қамтамасыз ету және олардан болатын шығынды азайту, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық саудасындағы тосқауылдарды жою мақсатында,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

карантиндік объектілер (карантиндік зиянды организмдер) - Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында жоқ немесе шектеулі түрде таралған және ұлттық Карантиндік объектілер тізбелеріне енгізілген зиянды организмдер;

карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) - Тараптар мемлекеттерінің өкілеттіктер берілген өсімдіктер карантині саласындағы ұлттық органдарының карантиндік объектілерді айқындауға, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік фитосанитариялық жағдайын белгілеуге және Тараптар мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелері мен өз мемлекетінің өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын орындауға бағытталған қызметі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку