«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1497 Қаулысы (күші жойылды)
«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1497 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкімет» төлем шлюзінің операторы (бұдан әрі - төлем шлюзінің операторы) болып белгіленсін.
2. Төлем шлюзінің операторы:
1) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) ақы төлеуді талап ететін, ұсынылатын электрондық қызме0442 көрсетудің тізбесін кеңейту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) екінші деңгейдегі банктермен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттеріне «электрондық үкіметтің» транзакциялық сервистерін ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі шеңберінде жүргізілетін операцияларға кепілдік берілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
5) аударым операцияларын лицензиясыз жүзеге асырады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа