«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1363 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1363 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесінде:
5-тармақта:
2) тармақшадағы «томографияны,» деген сөзден кейін «позитрондық-эмиссиялық томографияны, бір фотондық эмиссиялық компьютерлік томографияны,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада «хирургиялық,» деген сөзден кейін «экстракорпоралдық ұрықтандыруды қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада «, сондай-ақ тіс-жақ аномалияларын жою үшін аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа