«Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 271 Бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 271 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 564 болып тіркелген, 1998 жылғы 30 қарашадағы № 8 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
«тізілімде» деген сөзден кейін «, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі - БНАЖ) электрондық тізілімінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте БНАЖ электрондық тізіліміндегі жазба сапарды жүзеге асырғаннан кейін, бірақ нотариаттық іс-әрекет сапарға шығып жасалғанда ағымдағы күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік элекрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға жүгінгендердің жеке бастары туралы ақпарат салыстырылады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа