«Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 16 шілдедегі № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 272 Бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 16 шілдедегі № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 272 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамызда № 294 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 16 шілдедегі № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Жекеше нотариустың бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - БНАЖ) электрондық тізілімдегі мәліметтеріне қол жеткізу құқығы аумақтық нотариалдық палатаның тиісті жекеше нотариаттық мұрағатына мынадай түрде беріледі:
лицензиар БНАЖ-ға жекеше нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы бұйрық туралы мәліметті (күні, нөмірі, негіздеме) енгізеді;
облыстардың, Астана және Алматы қалалары аумақтық әділет органдары БНАЖ-ға жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық туралы мәліметті (күні, нөмірі, негіздеме) енгізеді;
тиісті Нотариаттық палата БНАЖ-ға нотариаттық палатаның мүшелігін жоғалтқаны туралы бұйрық туралы мәліметті (күні, нөмірі, негіздеме) енгізеді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа