Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1045 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1045 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 179 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 73-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесінде, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарында:

3-тармақтағы «атқарушы органдармен» деген сөздер «уәкілетті органдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Жеке және заңды тұлғалар су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органға:

1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстар салынатын орындарды айқындау жөніндегі ұсыныстарды;

2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың жобалау алдындағы құжаттамасын, жобаларын;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку