(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИН. ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ ...
Осы редакция 2007 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 сәуірдегі
№ 313 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Жол полициясы комитеті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі) құзыреті шегінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі функцияларды қамтамасыз ету;
жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіру жөніндегі функцияларды қамтамасыз ету.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болуы мүмкін.
Комитеттің өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқығы бар.
Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар нысанында нормативтік құқықтық кесімдер шығарады.
Редакция документа
Демо – версия документа