«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 801 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 801 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 259 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 176-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы және 1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:
тақырыбы және 1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8, 9, 10 және 11 -тармақтармен толықтырылсын:
«8. Заңда көзделген мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін, өздерінің иелігінде қалатын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке алынады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмсалады.
9. Мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
Документ утратил силу
Демо – версия документа