Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 1029 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 33, 309-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелерінде:

1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар» деген сөздер «Жеке кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;

Төртінші абзац 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді

4-тармақта «қорғау министрлігі,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі,» деген сөздермен толықтырылсын;

10-тармақта:

бірінші абзацтағы «белгіленген нысандағы өтінімді және үш данада материалдарды» деген сөздер «материалдарды бір данада» деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақшадағы «сауалнама» деген сөз «өтінім» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «(диаграммалар, сызбалар, кестелер, құжаттардың көшірмелері және тағы басқалар» деген сөздер «(ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар)» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «болуы тиіс» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс»;

11 - 13 абзацтар 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді

13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку