«Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 74 Бұйрығы (күші жойылды)
«Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 74 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен 2011 жылы 1 қаңтардан бастап күшін жойды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 76-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2318 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану ережесі;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарының жеткізілуін бақылау ережесінде:
ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану ережесі»;
1-тармақтағы «Тауарлар мен көлік құралдарының жеткізілуін бақылау» деген сөздер «Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану» деген сөздерге ауыстырылсын;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу және қалыптастыру тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 9 және 10-бөлімдермен толықтырылсын:
«9. Тауарға ілеспе құжаттарды тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ретінде қолдану ерекшеліктері
49. ЖБҚ ретінде тауарға ілеспе құжаттар:
осы ереженің 50-тармағының талаптарына сәйкес жөнелтуші кеден органы жарақтандырылған;
осы ереженің 52 және 53-тармақтарында белгіленген талаптарға тауарға ілеспе құжаттардың сәйкестігі немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің веб-порталы арқылы алдын ала ақпарат ұсыну жағдайында пайдаланылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа