Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 278 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 278 Қаулысы

 

 ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 489 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 42-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік органдарының қорытындыларын алу үшін лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелу орны бойынша қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік органдарына өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну туралы сұрауын жібереді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку