Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ 09.07.98 Ж. №...

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 278-1 Заңы

(2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен кіріспе өзгертілді

Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.

I тарау. Жалпы ережелер

ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) асыл тұқымдық куәлік - аттестацияланған асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлік орталық беретін, асыл тұқымды малдың шығу тегін, өнімділігін және өзге де сапасын, сондай-ақ ата-енесінің шығу тегін және ұрықтың немесе эмбрионның сапасын растайтын құжат;

2) асыл тұқымдық құндылық - асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің төлдің шаруашылыққа пайдалы белгілеріне ықпал ететін деңгейі;

3) асыл тұқымды мал - өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне, тұқым стандартына сай келетін, құжатпен расталған шығу тегі бар таза тұқымды, тұқымы жақсы, өнімділігі жоғары мал;

4) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабы - Қазақстан Республикасында бар, шығу тегі, өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасы жағынан неғұрлым құнды белгілі бір тұқымға жататын мал туралы деректер жиынтығы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку