«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 226 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 226 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 626 Қаулысымен күші жойылды
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінде:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«екі білікті автобустар 13,5»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«екі біліктен артық біліктері бар автобустар 15»;
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«төрт білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш 44»;
14-тармақта:
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) екі еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктердің арасындағы ара қашықтық:
0,5 метрден 1 метрге дейін 5,5
1 метрден 1,3 метрге дейін 6,5
Документ утратил силу
Демо – версия документа