(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.10.07 № 592 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен
молықтыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ішкі нарықты жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы, Көлік және коммуникация, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша):
1) «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімін өткізудің оңайлатылған тәртібін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жайластыру мәселелерін пысықтасын;
2) жеміс-көкөніс өнімі бар автокөлік құралдарын Мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде негізсіз ұстауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
1) Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Қазақстан өңірлеріне жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жеміс-көкөніс өнімі бар автоколонналарды жол полициясы органдарының бірге алып жүруін қамтамасыз етсін;
2) екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, шектес мемлекеттерден Қазақстан өңірлеріне жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімін тасымалдауды жүзеге асыратын, Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде берілген бақылаудан өту талоны бар көлік құралдарын негізсіз тоқтату, тексеру және ұстау жағдайларын болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, жеміс-көкөніс өнімін оңтүстік өңірлерден Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне тасымалдау үшін жолаушылар поездарын қосымша багаж вагондарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырсын.
Редакция документа
Демо – версия документа