«Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2298 Қаулысы (2019.06.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2298 Қаулысы
(2019.06.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 662 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2019.06.06. № 380 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2019.06.06. № 380 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:
1) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын aлу және салдарын жою;
2) аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және оларды емдеу;
3) орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Документ утратил силу