«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 904 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы
№ 383 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 28, 321-құжат; 2008 ж., № 33, № 341-құжат; 2009 ж., № 9, № 36-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3, 4, 5-тармақтардағы «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» және «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» және «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Әзірлеуші» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі»;
«Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімде:
екінші абзацтағы «299,349», «106,598», «100,123» және «92,628» деген цифрлар тиісінше «281,175», «106,658», «86,817» және «87,700» деген цифрлармен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «192,549» деген цифрлар «174,375» деген цифрлармен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «42,834», «21,6» деген цифрлар тиісінше «30,834», «9,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
оныншы абзацта «89,905», «30» және «30» деген цифрлар тиісінше «90,122», «30,108» және «30,109» деген цифрлармен ауыстырылсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, қайта жаңартуға және жөндеуге - 9,96 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 5 млрд. теңге, 2009 жылы 4,96 млрд. теңге;»;
Демо – версия документа