Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 және 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2014 Қаулысы (2010.20.07. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 және 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулыларына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2014 Қаулысы

(2010.20.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат):

мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

«2-1. Мемлекеттік органдар «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері тізбесінің 2-тармағын ескере отырып, өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді және Үкіметке бекітуге енгізуді қамтамасыз етсін.»;

«2-2. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.»;

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

2-тармақта:

«жергілікті атқарушы органдар» кіші бөлімінде:

1), 2), 3), 4) тармақшаларда «ресімдеу» деген сөз «беру» деген сөзбен ауыстырылсын;

13) тармақшада «қосалқы» деген сөздің алдынан «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;

14) және 21) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 23), 24), 25), 26), 27), 28) тармақшалармен толықтырылсын:

«23) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;

24) балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуға тілек білдірген отбасыдан өтінім қабылдау;

25) миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою;

26) әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру;

27) мемлекеттік және мемлекеттік емес дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

28) жалғызілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу.»;

«Көлік және коммуникациялар министрлігінің органдары:» кіші бөлімі мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беру.»;

мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын:

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің органдары:

1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу;

2) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктер кепілін тіркеу;

3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу;

4) машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру;

Білім және ғылым министрлігінің органдары:

1) республиканың білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.»;

2) ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

                           

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции