Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы №1650 және 2007 жылғы 9 қаңтардағы №6 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1682 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 және 2007 жылғы 9 қаңтардағы
№ 6 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1682 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғалар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысында:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінде:

«Жүргізушілердің жалпы міндеттері» деген 2-бөлімде:

2.1.1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №1, 9-құжат):

2-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку