(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.23.06 № 576 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 маусымдағы № 576 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) «2002 - 2006 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу» республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 996 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 345-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2002 - 2006 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу» республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасында:
«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімнің «Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар барлығы 585,295 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:
2002 жылы - 102,0 млн. теңге; 2003 жылы - 102,0 млн. теңге; 2004 жылы - 110,0 млн. теңге; 2005 жылы - 127,2 млн. теңге; 2006 жылы - 144,095 млн. теңге»;
«6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген бөлімнің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар барлығы 585,295 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:
2002 жылы - 102,0 млн. теңге; 2003 жылы - 102,0 млн. теңге; 2004 жылы - 110,0 млн. теңге; 2005 жылы - 127,2 млн. теңге; 2006 жылы - 144,095 млн. теңге»;
«8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімнің «Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген 6-бағанындағы реттік нөмірлері 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа