«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес, экономиканы әртараптандыру мен үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы процестерін үйлестіру және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реттеу және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне (бүдан әрі - Агенттік) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін, тұргын үй қатынастарын және коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқару саласындагы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, Агенттікті бөліп шыгару жолымен;
оның кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне бере отырып;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі оның:
ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне;
елді мекендер шегінде сумен жабдыктау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын пысықтау жөніндегі функциялары Агенттікке беріле отырып;
3) Қазакстан Республикасы Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі оның ЖЭО және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары орнатылган қазандықтардан басқа, электрмен жабдықтау (0,4 кВт электр желілік объектілер), жылумен жабдықтау саласындагы мемлекеттік реттеу саясатын пысықтау жөніндегі функциялары Агенттікке беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Агенттікке елді мекендер шегінде тұтынушыларды газбен жабдықтау салаларындағы және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындагы мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функция;
Демо – версия документа