(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.28.07 № 1154 ҚАУЛЫСЫ
Техника қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1154 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 25 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою және өнеркәсiптегi еңбек қауiпсiздiгiнiң мәселелерi жөніндегі бiрыңғай ғылыми-зерттеу жүйесiн құру әрi тиiмдi үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) «Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік мекемесi қайта құру жолымен «Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;
2) «Шымкент химиялық технология және өнеркәсiптiк экология ғылыми-зерттеу институтының жанындағы республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбіндегі техникалық қауiпсiздiк ғылыми-зерттеу орталығы» мемлекеттік мекемесi қайта құру жолымен «Республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбіндегі қауiпсiздiк проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;
3) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң «Қазақстан Республикасының Тау-құтқару ғылыми-инженерлiк орталығы» мемлекеттік кәсiпорны қайта құру жолымен «Қазақстан Республикасының Тау-құтқару ғылыми-инженерлiк орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан эрi - Кәсiпорын) болып;
Редакция документа
Демо – версия документа