(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 ЖЫЛҒЫ 7 ҚАНТАРДАҒЫ № 370-ІІ ЗАҢЫ
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2004.20.12. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 4 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертілуін немесе тоқтатылуын көздейтін электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезінде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен міндеттерін реттеуге бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Занда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электроңдық құжаттын дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлык нышандар терімі;
2) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және электрондық цифрлық колтаңба арқылы куәландырылған құжат;
3) тіркеу куәлігінің иесі - өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе занды тұлға;
4) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті - тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық, цифрлық нышандар дәйектілігі;
5) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті - кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтанбаның түпнұсқалығын растауға арналған электроңдық цифрлық нышандар дәйектілігі;
Редакция документа
Демо – версия документа