Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 752 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 752 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

 

Түсіпбеков

Рашид Төлеутайұлы

- Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға

 

Шәуенов

Ербол Солтыбекұлы

- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)

 

Майлыбаев

Бағлан Асаубайұлы

- Қазақстан Республикасының Мәдениет және  ақпарат вице-министрі

 

Федоров

Олег Анатольевич

- Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі

 

Қапақов

Нұрлан Төлегенұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары

 

Сәкенов

Қайыргелді Әнуарбекұлы

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің бөлімнің аға прокуроры (келісім бойынша)

 

Әбуов

Айдар Парқұлұлы

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор

 

Айталы

Амангелді Әбдірахманұлы

- философия ғылымдарының докторы, «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасының профессоры (келісім бойынша)

 

Бәкір

Әбдіжәлел Қошқарұлы

- саяси ғылымдар докторы, «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасының профессоры (келісім бойынша)

 

Мыңбаев

Мұрат Тайкелтірұлы

- техника ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері (келісім бойынша)

 

Бәшімов

Марат Советұлы

- Қазақстан Республикасындағы Еуропа құқығы және адам құқықтары институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

 

Онучко

Марина Юрьевна

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға оқытушысы

 

көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхянқызы, Иванов Владимир Александрович, Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Черкасов Юрий Петрович, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

                                  

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку