Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 768 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 768 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:

мәтіндегі «Қазына» ОДҚ» АҚ» деген сөздер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:

«Шағын және орта бизнестің жобаларына одан әрі тұрақты кредит беруді қамтамасыз ету» деген 2-кіші бөлімде:

он төртінші абзацтағы «аспауы тиіс» деген сөздерден кейін «, ал тиімді ставка жылдық 14 пайыздан аспауы тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;

он бесінші абзацтағы «6» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;

он алтыншы абзацта:

«30» деген сандар «70» деген сандармен ауыстырылсын;

«аспауы тиіс» деген сөздерден кейін «, ал банктер 2009 жылғы 1 тоқсанның соңына дейін игеретін қаражат бойынша қайта қаржыландыру жөніндегі шектеу толық алып тасталады»;

он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«шағын және орта бизнестің өндірістік жобалары бойынша бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 589160 АЕК-ге дейін.»;

мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ берген қаражат бөлігінде жергілікті атқарушы органдар әкімдіктерінің жанындағы комиссиялардың өкілеттіктері қолданылмайды.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

мәтіндегі «Қазына» ОДҚ» АҚ», «Қазына» ОДҚ» АҚ» (келісім бойынша)» деген сөздер тиісінше «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ», «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ» (келісім бойынша)» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 6-7-жолдың 2-бағанында:

«12,5 %-дан» деген сөздерден кейін «, ал тиімді ставка жылдық 14 %-дан» деген сөздермен толықтырылсын;

«300000 АЕК» деген сөздер «шағын және орта бизнестің өндірістік жобалары бойынша 589160 АЕК» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 6-8-жолдың 2-бағанында:

«Шағын» деген сөз «Өңірлердің шағын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«өңірлік басымдықтарға сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;

«түпкілікті» деген сөз «тиімді» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку